Алматы қаласы Білім басқармасының «№2 Алматы қаласы Алмалы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
Кіру
AA+
Алматы қаласы Білім басқармасының «№2 Алматы қаласы Алмалы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
Название сайта

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.174): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/pptk-almaty.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің қызметі

ППТК жеке, топтық және шағын топтық сабақтар нысанында жеке дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.

ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды қоспағанда, туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.

Елді мекенде арнайы ұйымдар болмаған жағдайда, ППТК мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық санаттарына арнайы психологиялық-педагогикалық көмекті қамтамасыз етеді.

ППТК мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде білім беру ұйымдарының педагогтеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.

ППТК-ны тікелей басқаруды басшы (меңгеруші) жүзеге асырады.

ППТК қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.

ППТК-да мүмкіндіктері шектеулі балалар ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен қабылданады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету сабақтың бір циклына жасалатын кабинет пен баланың ата-анасы (заңды өкілдері) арасындағы шарт негізінде реттеледі. ППТК-да балаларға көмек көрсету ұзақтығы "Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20744 болып тіркелді) (бұдан әрі - № 223 бұйрық) сәйкес айқындалады және 90 күннен 365 күнге дейін болуы мүмкін.

Бала ППТК-ға түскен кезде оның ерекшеліктерін, сондай-ақ пәнаралық командалық бағалау жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында баланы психологиялық-педагогикалық зерделеу жүргізіледі. Баланың дамуын пәнаралық командалық бағалау көрсеткіштер бойынша тағайындалады.

Баланың психофизикалық дамуын пәнаралық командалық және жеке бағалау ерекше білім беру қажеттіліктерін, түзету-дамытушылық оқытудың негізгі бағыттарын анықтау және психологиялық-педагогикалық көмектің тиімді әдістерін таңдау мақсатында жүргізіледі.

Командалық және жеке бағалау нәтижелерінің негізінде балаға көмек пен қызмет көрсету көлемі, сабақтың ұзақтығы белгіленеді, баланың жеке-дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ЖДБ) әзірленеді.